Тек-қана қыз-келіншектерге руханилық тұрғысынан психологиялық консультация
5 000 ₸
0 / 7
Описание
Психолог: Самал ханым. Аяулы, қымбатты келіншектер, (18 жастан асқан) қыздар! Егер Сізде үрей, қорқыныштар, психикалық жарақаттар, жарыңызбен, балаларыңызбен, ата-анаңызбен қарым-қатынасыңызда қиындықтар, қаржылық қиындықтар бар болса, өзіңізді төмен бағаласаңыз, өзіңіздің қабілеттеріңізді іске асыра алмай жүрсеңіз және басқа да мәселелер бар болса, Сізге консультация беруге дайынмын. Сіздің жүрегіңіздің әрқашан ашық, нұрлы болғанын, мейірім мен махаббатқа, нық сенімге толы болғанын, сол шуақпен жарқырап, төңірегіңізді шабыттандырып жүруіңізді тілеймін! Ер адамдарға консультация өткізбеймін. Өзім туралы: Дипломы бар психологпын. «Практикалық психология», Ресей (екінші жоғары білім). Әртүрлі жастағы қыз-келіншектерге әрқандай мәселелер бойынша консультация өткіздім (күйеумен конфликт, балалармен қарым-қатынас, ата-анамен қарым-қатынас, ажырасу, тұрмыс құру, өзінің потенциалын іске асыру, рухани дағдарыс, депрессия және т.б.). Келесі білім алу курстарын аяқтадым (сертификаттар фотода көрсетілген): -«Әл Хайят» жобасы шеңберіндегі психологтардың біліктілігін арттыру курсы (135 сағат); - Білім интеграциясы институтының «Ислам психологиясы» курсы; - «Хош иісті әйел»бағдарламасы («Отбасы ағымы мен таңы», «Риза әйелдің саналы өмірі» және «Өзіңе апаратын жол»). Абай атындағы ҚазҰПУ аяқтадым (бірінші жоғары білім). «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде «Теология» мамандығы бойынша білім алдым. Өз біліктілігімді әрі қарай арттырудамын. Консультациялар онлайн және офлайн форматында өткізіледі. Консультацияға жазылу үшін +нөміріне арқылы сообщение жазуыңызды сұраймын. Сообщенияға администратор жауап береді. сообщенияда есіміңізді және маңызды сұрағыңызды (мәселеңізді) анықтап жазуыңызды өтінемін. Назар аударыңыз! Қаржылық қиындықтары бар қыз-келіншектерге, мүгедектігі бар келіншектер мен қыздарға, мүгедек баласы бар аналарға, көп балалы аналарға бір сағаттық (тек қана онлайн бір сағат!) консультация тегін беріледі. Акция! Осы айдың соңына дейін 2-сағаттық онлайн консультацияның бағасы: 10 мың тг. Офлайн консультацияның бағасы басқа. Құпиялылық пен анонимдікке кепілдік беріледі. Құрметпен, Психолог Самал ханым
Данияр К.
Исполнитель
- Все объявления
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-