Тек қана қыз-келіншектерге руханилық тұрғысынан психологиялық консультация
12 000 ₸
0 / 7
Описание
Аяулы, қымбатты келіншектер, (18 жастан асқан) қыздар! Егер Сізде үрей, қорқыныштар, психикалық жарақаттар, жарыңызбен, балаларыңызбен, ата-анаңызбен қарым-қатынасыңызда қиындықтар, қаржылық қиындықтар бар болса, өзіңізді төмен бағаласаңыз, өзіңіздің қабілеттеріңізді іске асыра алмай жүрсеңіз және басқа да мәселелер болса, мен Сізге консультация беруге дайынмын. Сіздің жүрегіңіздің әрқашан ашық, нұрлы болғанын, мейірім мен махаббатқа, нық сенімге толы болғанын, сол шуақпен жарқырап, төңірегіңізді шабыттандырып жүруіңізді тілеймін! Ер адамдарға консультация өткізбеймін. Өзім туралы: Дипломы бар психологпын. «Практикалық психология», Ресей (екінші жоғары білім). Келесі білім алу курстарын аяқтадым (сертификаттар фотода көрсетілген): - «Әл Хайят» жобасы шеңберіндегі психологтардың біліктілігін арттыру курсы (135 сағат); - Әлкарам институтының (АҚШ) «Ислам психологиясына кіріспе» курсы («Introduction to Islamic Psychology», the Alkaram Institute, the USA); - Білім интеграциясы институтының «Ислам психологиясы» курсы; - «Хош иісті әйел» бағдарламасы («Отбасы ағымы мен таңы», «Риза әйелдің саналы өмірі» және «Өзіңе апаратын жол»). Абай атындағы ҚазҰПУ аяқтадым (бірінші жоғары білім). «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Теология» мамандығы бойынша білім алдым. Консультациялар онлайн және офлайн форматында өткізіледі. Назар аударыңыз! Қаржылық қиындықтары бар қыз-келіншектерге, мүгедектігі бар келіншектер мен қыздарға, мүгедек баласы бар аналарға, көп балалы аналарға бір сағаттық (тек қана бір сағат!) консультация тегін беріледі. Онлайн консультацияның бағасы: Бір мәртелік консультация (1 сағат): 12 000 тг. 2 консультациядан (2 сағат) тұратын пакет: 20 500 тг. 3 консультациядан тұратын пакет (3 сағат): 29 000 тг. Офлайн консультацияның бағасы бұдан жоғары. Құпиялылық пен анонимдікке кепілдік беріледі. Консультацияға жазылу үшін нөміріне арқылы жазуыңызды сұраймын. Сообщение мен звоноктарға администратор жауап береді. Сообщенияда есіміңізді, жасыңызды және сұрағыңызды (мәселеңізді) анықтап жазуыңызды өтінемін.
Самал Ш.
Исполнитель
- Все объявления
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-