Специалист по продажам
Договорная
Информация о вакансии
Описание
САТУ МЕНЕДЖЕРІ Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1-2 жыл сату саласында / клиенттермен жұмыс тәжірибесі Жұмыс жасау түрі: Толық жұмыспен қамту. – жылжымайтын мүлікті сату және тауып беру қызметі. Негізгі бағыт – жылжымайтын мүліктің тиімділігіне анализ жүргізе отырып, сату және тауып беру. Жылжымайтын мүлік, ол – жер, коммерциялық орын, коммерциялық ғимарат, коттедж, таунхаус, пәтер, жер үй, өндірістік кәсіпорын, өндіріс базасы т.б. Біз өзімізді нарықта дәлелдеп қана қоймай, тұрақты нәтиже беріп келе жатқан компаниямыз. Ай сайын компанияға қызығушылық танытып келе жатқан клиенттер ағымының көбеюіне байланысты САТУ МЕНЕДЖЕРІ маманын іздейміз. Біз кімді іздейміз? Біз жай ғана жұмыс істейтін адам емес, нәтеже әкелетін, сату арқылы өсетін маман қажет. Ол: Клиентпен алғашқы байланыстан бастап мәміле аяқталғанға дейінгі процесті сүйемелдейді; Риелторлар мен клиенттердің арасындағы байланысты үйлестіреді; Компания имиджін сақтай отырып, клиентке жоғары сервис ұсынады. Сату менеджері, ол: Дамушы ортаға тез бейімделе алатын; Командамен тығыз жұмыс жасай алатын; Өзіне сенімді әрі пысық; Клиенттермен еркін сөйлесе алатын; Сату бағыты бойынша қызығушылығы жоғары; Жауапкершілігі жоғары әрі сөзінде тұратын; Ақша табуға жылдам талпынатын; Үлкен нәтижелерге ұмтылатын; Көшбасшылық қасиеттері бар; Жеке бренд қалыптастыруға ынталы; Жаңа білімге ұмтылатын; Стресс жағдайда тез шешім қабылдай алатын; Тәртіп пен жүйені жақсы көретін. Сіздің міндетіңіз қандай? Клиенттермен , Instagram және және де басқада платформалар арқылы байланыс жүргізу; Клиенттердің сұранысын анықтау және базаға енгізу; CRM жүйесінде клиенттерді жүргізу; Лидтерді риелторларға бөлу; Клиенттердің кері байланыс орнату; Кездесулер мен көрсетілімдерді ұйымдастыру; Маркетолог және таргетологтармен бірге жоспар орындау; Күнделікті есеп тапсыру; Instagram , және басұада платформаларға келіп түскен өтінімдер мен пікірлерге сауатты жауап беру; Риелторлардың жұмыс процесін бақылау; Клиенттердің мәмілеге дейінгі және кейінгі қанағаттануын бақылау; CRM-де толық аналитика жүргізу. Сізде қандай құралдар болады? Жылы лидтер. Тек қызығушылығы бар, жылжымайтын мүлік алуға немесе сатуға дайын клиенттермен жұмыс жасайсыз. CRM жүйесі. Бапталған және жетілдірілген CRM жүйесі. Ыңғайлы, түсінікті және біздің сату жүйесіне толық бейімделген. Скриптер. Жоғары конверсия көрсететін дайын скриптер мен коммуникация жүйесі бар. Сіз оны өз эмоцияңызбен және харизмаңызбен толықтыра аласыз. Оқыту жүйесі. Компания тарапынан тұрақты түрде оқыту, практикалық тренингтер және даму бағдарламалары ұйымдастырылады. Сіз не аласыз? Мансаптық өсу. Тік және көлденең мансаптық даму мүмкіндігі. Нәтиже көрсеткен мамандар бөлім жетекшісі деңгейіне дейін көтеріле алады. Оқыту және даму. Компания үздік курстар мен тәжірибелерге инвестиция жасайды. Біз үшін қызметкердің дамуы – басты. Егер осы құжатты толық оқып танысып шықсаңыз “+” жазып кетіңіз.