Сату менеджері құрылыс дүкеніне
180 000 - 240 000 ₸
Информация о вакансии
Описание
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 ай Толық жұмыспен қамту Quatt - құрылыс дүкені. Атырау қаласы. Құрылыс материалдарын, сантехника, электрика, краска, т.б. ремонтқа қажетті материалдарды сату. Компаниямыздың қарқынды дамуына байланысты біз Сату жөніндегі мамандарды іздейміз. Біз кімді іздейміз? Сатуды жақсы көретін менеджер. Қандай салада болсын кемі 6 ай сату менеджері болып жұмыс жасаған 19-25 жас аралығындағы ер жігіттер. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген, сатуды, клиентпен қалай сөйлесу керектігін білетін, конфликтті жағдайларды басқарып, шеше алатын, сабырлы, шыншыл, адамдармен тез тіл табысып кете алатын қасиеттері (общительность) бар, адамдарды тыңдап, түсіне білетін, уақытты тиімді пайдалана білетін азаматтар қажет. Студенттер, әйел адамдар қарастырылмайды. Сіздің міндеттеріңіз қандай? 1) Клиентке сапалы, жылдам қызмет көрсету 2) Клиенттерге консультация жасау, іздеген тауарларын табуларына көмектесу 3) Товарларды сату, кассаға ақша алып келу, клиентке чек беру 4) Жұмыс орнын тәртіпте сақтау, таза ұстау, ретке келтіру (Тауарды шығару, витрина, полколарды реттеу) 5) Телефонға уақытылы жауап беру 6) Сату жоспарын және KPI орындау 7) Сатылып жатқан ассортимент бойынша әрдайым білім алып, өзін дамыту Сізде қандай құралдар болады? Кассовый апарат. Ыңғайлы және түсінікті кассалық аппарат. Өнімді сату барысын тездетуге, жеңілдетуге және қателіктер санын азайтуға көмегін береді. Іште қандай өнім бар және қанша мөлшерде бар екенін көру мүмкіндігі. Жұмыс телефоны. Клиенттерге онлайн сатуға, курьер қызметін жіберуге көмектеседі. Сіз не аласыз? • Жақсы, уақытылы табыс. Сатудан лайықты % және жасаған нәтижеңізге сай KPI. Егер Сіз 200,000 теңгеден төмен ақша табатын болсаңыз, бұл Сізге де, бізге де пайдалы емес. ● Мансаптық өсу: Тік және көлденең. Біз үшін әрбір қызметкердің мақсаттарының болуы және олардың қалағанына жетуі маңызды. Бізде компанияда әртүрлі бағыттар болғандықтан, мансап сатысы бойынша тез көтеріліп, табысыңызды жақсартуға мүмкіндік бар. ● Оқыту. Үнемі өзін-өзі дамыту - табысты өмірдің кепілі. Сондықтан біз үшін бұл жай ғана құсбелгі немесе қызықты тақырып емес. Біз нарықта қолжетімді үздік оқыту курстарынан оқуға, ассортимент бойынша білім арттыруға мүмкіндіктер береміз. Біз өз командамызды үнемі жан-жақты дамуға шақырамыз және оларды осы жолда қолдаймыз. ● Шетелге жолдама. Әр жыл сайын бір үздік қызметкер шетелге жолдама ұтып алу мүмкіндігі бар. Іріктеу қалай өтеді? Әрине, бұл орынға қалаушылар көп. Сондықтан біз мұқият және әділ іріктеуді өткіземіз. Алдымен топтық собеседованиеде сұрақ қою арқылы ең жақсы кандидаттарды таңдап, ақылы бейімделу кезеңінен өткіземіз, бұл мерзім аяқталғаннан кейін жақсы көрсеткіштер жасап, жоспарды орындау қажет. Тәжірибелі және мықты менеджерлер үшін бірнеше күн өз құзыреттілігін дәлелдеуге және стажировкадан бірден жақсы табысқа жетуге жеткілікті.