Руководитель отдела
400 000 - 500 000 ₸
Информация о вакансии
Описание
Вакансия: Бөлім басшысы Алматы обласы, Райымбек аулы Жалақы: 400 000 ₸ + жұмыс нәтижесіне қарай сыйақы ZINEX компаниясына бөлімнің күнделікті жұмысын толық басқаратын, жауапты әрі талапшыл Бөлім басшысы қажет. Міндеттері: қызметкерлерді басқару; күнделікті және айлық тапсырмалар қою; сату жоспарының орындалуын бақылау; жұмыс тәртібі мен қызметкерлердің уақытында келуін қадағалау; жаңа қызметкерлерді іздеу, сұхбат өткізу және жұмысқа қабылдау; жаңа қызметкерлерді оқыту және бейімдеу; сатушылардың жұмыс сапасын бақылау; клиенттер мен өтінімдердің уақытында өңделуін қадағалау; тапсырыстардың дұрыс рәсімделуін, оралуын және уақытында жіберілуін бақылау; қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу; күнделікті ұйымдастырушылық мәселелерді өз бетінше шешу; кеңседегі тәртіп пен тазалықтың тұрақты сақталуын бақылау; жұмыс орындарының таза әрі жинақы болуын қадағалау; компанияның ішкі ережелерінің орындалуын бақылау; күн сайын басшылыққа жұмыс нәтижесі бойынша есеп беру. Талаптар: қызметкерлерді басқару тәжірибесі міндетті; қазақ тілін еркін білу міндетті; ұйымдастырушылық қабілеті жоғары; жауапты және тәртіпті; қызметкерлерден нәтиже талап ете білу; тапсырма қойып, орындалуын бақылау; сұхбат өткізу және қызметкерлерді оқыта білу; мәселелерді басшылықтың тұрақты араласуынсыз өз бетінше шеше білу. Негізгі міндет: Бөлімнің жұмысын толық жүйеге келтіру: қызметкерлер жоспарды орындауы, клиенттер уақытында қызмет алуы, тапсырыстар қатесіз жіберілуі, кеңседе тәртіп пен тазалық сақталуы және бөлім компания иесінің тұрақты бақылауынсыз жұмыс істей алуы керек. Өтініш беру үшін : Резюме + басқару тәжірибеңіз + қанша қызметкер басқарғаныңыз жайлы

Бүрлемхан А.
Работодатель
Все объявления-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-