Руководитель отдела
191 942 - 231 654 ₸
Информация о вакансии
Описание
Жобалық-сметалық құжаттамаларды саралау бөлім басшысы лауазымдық міндеттері: Мекеме тарапынан дайындалған сәулеттік жобалардың (эскиздік жобалардың) іске асырылуы үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде тапсырыс берушілерге ұсыныстар беру; Жобалық-сметалық құжаттарда мекеме тарапынан дайындалған сәулеттік жобалардың (эскиздік жобалардың) ескерілуін тапсырыс берушілермен бірге қарау. Сараптама және жобалық бөлім қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Қала құрылысы жобаларын, жобалық-сметалық құжаттамаларды сараптау және сапасын бақылау.Жобалық шешімдердің қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.Бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, ТЭН, эскиздік жобалар, инженерлік инфрақұрылым объектілерінің жобаларын келісу және сараптамадан өткізу. Мердігер ұйымдардан ұсынылған жобалық материалдарды тексеру және қабылдау. Мемлекеттік сараптамаға жолданатын құжаттаманың дұрыстығын қамтамасыз ету.Жобаларды іске асыру барысында авторлық және техникалық бақылауға қатысу. Жұмыс кестесіне сәйкес есептілік, талдамалық анықтамалар дайындау.Бөлім мамандарының жұмысын басқару, тапсырма беру, бақылау.Әзірленген жобаны, жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы ғылыми-техникалық есептерді, ақпараттық материалдарды, әдістемелік бағдарламалар мен өзге де ғылыми және техникалық құжаттарды рәсімдеу жөніндегі жұмыстарға басшылық етеді; бөлімшелердің тапсырыстарын уақытында және сапалы атқару үшін заманауи арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып, әртүрлі тәсілдермен ресімдеу, яғни көшіру-көбейту, түптеу-кітапша жасау жұмыстарын қамтамасыз етеді; тапсырыстарды орындау кестесін құруды, келіп түскен техникалық құжаттарды тіркеуді, материалдарды жасау және шығынын есепке алуды басқарады; қабылдап алынған ғылыми және техникалық құжаттың сақталуын, қондырғыны дұрыс пайдалану және оның қалыпты жұмыс істеуін, қажет техникалық құралдармен және материалдармен үздіксіз және уақытылы қамтамасыз етеді; бөлім қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады және орналастыруды жүзеге асырады; жұмысты орындаушылар арасында олардың мамандығы мен біліктілігіне сәйкес бөледі, орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді; ғылыми және техникалық құжаттаманы көбейтудің прогрессивті тәсілдерін қолдану , еңбектің қауіпсіз және үнемді тәсілдері мен әдістерін енгізу, еңбек процестерін механикаландыру және автоматтандыру, орындалатын жұмыстардың өзіндік құнын төмендету, еңбек өнімділігін арттыру, оны ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды; бөлім қызметкерлерін басқарады
