Психолог , Шымкент, онлайн, қазақша
15 000 - 60 000 ₸
0 / 4
Описание
Терапия = қабылдау, өзіңді бар болмысыңмен қабылдау! Бірақ біз қанша сөзбен "өзімді қабылдаймын" деп айтсақ та, іште өте көп КОНФЛИКТ: үнемі кінәлі сезіну, қорқыныштар, эгоист болып кетем деп уайымдап, соңы өзіңді басқаларға алмастыру және тағы басқа көп проблемалар астында қалып қоямыз. Эгоизм мен шынай өзіңді қабылдап, жақсы көрудің ара жігін анықтағыңыз келсе... Жалпы өміріңізді точно өзгерту керек деген сезім келсе.. Терапия - ол сіздің шынайы өзіңізге жасаған ең мықты қадамыңыз! Мен бұл жолда сізге көмекші бола аламын. Маған қандай запростармен келе аласыз: - өзімді жалғыз сезіну, мені ешкім түсінбейтін сияқты; - мен өзімді түсінбеймін, не қалайтынымды, қайда бара жатқанымды білмеймін; - Басқаларға үнемі жағуға тырысамын деп, өзімді ұмыта беремін; - Ата-анамды жақсы көрем деп өзімді алдасам да, ішімде оларға өте көп ренішім бар, одан ұяламын, не істерімді білмеймін; - Үйдің үлкенімін: кішкентайымнан спасатель боламын деп, өз өміріме келгенде дым жасағым келмейді, өз алдымда құндылығым жоқ; - Ата-анам әжеге мені беріп жіберген; - Денсаулығым нашар болса да, емделмей жүре беремін; - "Тұрмыстамын, бірақ күйеуім жоқ сияқты" - балалармен көмектеспейді, маған уақыт бөлмейді, үнемі жұмысы көп, ақша бермейді; - Депрессия, үнемі уайымдаймын да жүремін, қорқыныштарым көп; - Жұмыста, өз услугамда дұрыс бағамды көтере алмаймын; - Реализация, ақша үнемі жетпейді; - Инстаграмда, адамдарға ашылып, өзім туралы еркін заявлять ете алмаймын; - Енеммен бітпейтін конфликт, шаршап кеттім; - Балаларымды ұрып, ұрсып қоя беремін; - Балаларым тым жабысып қалған, декреттен шаршадым; - Түсік, бала шетінеуі, жақыныңнан айырылу - Адамдарға, өзіңе сене алмау; Күйеуіңмен үнемі жарысу; - тағы да басқа жан ауруларымен жұмыс жасаймын! Экзенциалды анализ бағытын қолданамын: 300 сағаттық жеке, группалық терапиям бар; үнемі супервизиядамын; деңгейімді үздіксіз көтерудемін! Барлық жұмысымыз конфедециально! Сіздің жаныңызға максимально трепетно қараймын. 100% предоплатамен жұмыс жасаймын. Шымкент - офлайн Басқа қалалар - онлайн. Терапия минимум -12 кездесуден тұрады, Алғашқы кездесуде дәл сіздің мәселеңізді шешу қанша уақытта мүмкін екенін бірге анықтайтын боламыз. Бірден айтайын сіз 25-30-40 жыл жинаған жараларыңызды 1 сессиямен шешем десеңіз, мен сізге көмектесе алмаймын! Тек ұзақ, фундаменталды жұмыс жасаймын. Сізді күтемін! Ізгі ниетпен, Жан саулығыңыздың амбассадоры- Жансая Сартбай!
Самал
Исполнитель
- Все объявления
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-