Помощница психолога
Договорная
Информация о вакансии
Описание
ПСИХОЛОГ АССИСТЕНТІН ІЗДЕЙМІН Психология саласына қызығатын, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары маманды командама шақырамын. Қазіргі уақытта жасөспірімдермен жұмыс жасауға арналған жоба дамып жатыр. Жоба аясында жасөспірімдерге тренинг форматында топтық және жеке сабақтар өткізіледі. Сіздің міндетіңіз: — жасөспірімдер топтарын ұйымдастыру және кураторлық ету; — сабақтарды ұйымдастыруға көмектесу; — құжаттар мен жұмыс процесін жүргізу; — жоба жетекшісінің ассистенті болу; — уақыт өте келе сабақтарды өзіңіз жүргізуге дайындалу. Бұл вакансияның ерекшелігі — жай ғана ассистент болып қалмайсыз. Алдымен жобаға тыңдаушы/ассистент ретінде кіріп, тәжірибе жинайсыз. Кейін өзіңізді көрсеткен жағдайда топ кураторы, ұйымдастырушы және психолог ретінде дамуға мүмкіндік бар. Мен өзім психолог ретінде бағыт-бағдар беріп, тәжірибеммен бөлісемін. Сондықтан психология саласында кәсіби түрде дамып, нақты практика арқылы маман болғысы келетіндерге жақсы мүмкіндік. Психология мамандығын университетте аяқтап, диплом бойынша міндетті еңбек өтілін («отработка») өтеуі қажет мамандарға да ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылады. 💰 Жалақы: келісім бойынша. 📍 Жұмыс орны: кеңсе 📅 Жұмыс форматы: күнделікті жұмыс + демалыс күндері жасөспірімдер жобасына қатысу(демалыс күні апта ішінде) Барлық жұмыс шарттары, міндеттер және жалақы собеседование кезінде талқыланады. Қызығушылық танытсаңыз, жасыңыз, біліміңіз және өзіңіз туралы қысқаша ақпаратпен хабарласыңыз.
Мадибек Т.
Работодатель
Все объявления-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-