Персональный ассистент
85 000 - 150 000 ₸
Информация о вакансии
Описание
Вакансия: Жеке ассистент керек Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл Жұмыс уақыты: толық немесе жартылай, формат - гибрид Менің атым Ақылбек, мен “Көктем” футбол клубының директорымын және бизнес жұмысы барысының тиімділігін арттыру мақсатында ассистент іздеп жүрмін. Негізгі бағыттар: менің жобамды қолдап, кейбір ұйымдастырушылық және тапсырмаларды өз мойнына алып, сол арқылы мен стратегиялық мақсаттарға көп көңіл бөле алатындай. Мен кімді іздеймін? 1). Біріншісі - маған сенуге болатын адам керек. Жанымда тікелей де, жанама түрде де бола алатын адам керек. Жеке ассистент - жәй көмекші емес, ол менің оң қолым және тапсырмалар бойынша серіктесім болады. 2). Екіншісі - сізде болуы керек қасиеттер: Ісіне адал, жауапкершілігі мол және сенімге тұрарлық; Іздене білу, командалық жұмысқа бейімді болу, сөзіне тұру; Нақты істін адамы болу және қиыншылықтарға төтеп білу; Жүйелі ойлау және оқуға ниеті болу. Негізгі міндеттер? Жұмыс және жеке кестемді жоспарлау және үйлестіру; Футбол клубының бизнес-жоспары мен жобаларындағы тапсырмаларды ұйымдастыруға көмек көрсету; Маркетинг командасының тізімдері бойынша клиенттердің өтінімдерін өңдеу ; Кәсіби хат-хабарларды жүргізу, кездесулерді келісу ; Сапарлар, іс-шаралар, кездесулерді ұйымдастыру; Сату жоспарлары мен қоңырау нормаларын орындау Жеке тапсырмаларды орындау; Кез келген туындаған мәселелерді жылдам және тиімді шешу; Қажет болған жағдайда байланыста болуға дайын болу. Сіз не аласыз? Басқару және бизнесті дамыту саласындағы тәжірибе мен білімге тікелей қолжетімділік; Қызметтік өсу мүмкіндігі (мысалы: атқарушы директорға дейін) Барлық бизнес-процестерді ішкі жағынан түсіну; Занауи жеке тиімділік құралдары мен жүйелі тәсілдерді үйрену; Іскерлік байланыстар мен контактілерді кеңейту; Амбициялы басшы және табысты кәсіпкерлермен жұмыс істеу мүмкіндігі. Жұмыс шарттары Жүктеме - минималдыдан орташаға дейін, өсім мүмкіндігі бар; Тапсырмалар көбінесе қашықтан беріледі; Кесте - икемді, нәтижеге бағытталған; Еңбекақы - бастапқы кезеңде базалық, кейін жауапкершілік пен тапсырмалардың көлеміне байланысты өседі Егер Сіз сатудан қорықпасаңыз және біздің командаға қосылуға дайын болсаңыз, бос орынға батыл жауап берсеңіз болады Ноутбуктің, гарнитураның, тұрақты интернеттің болуы міндетті болып табылады. Сізді біздің ұжымның бір бөлігі ретінде көруге қуаныштымыз! Телефон нөмірі: Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Геолог елді-мекені, Каспий спорт кешеңі