Персональный ассистент
100 000 ₸
Информация о вакансии
Описание
Жеке ассистент іздеймін Мен - Қайрат Лобакұлы, Ақтөбе қаласында алюминий профильдерін сатумен айналысамыз (ALPROF). Құрылыс материалдары саласында 20 жылдық тәжірибем бар. Компаниямыздың ашылғанына 6–7 ай болды, қазір белсенді даму кезеңіндеміз. Осыған байланысты жеке ассистент іздеймін. Ассистенттің негізгі міндеті: Менің уақытымды тиімді босату және бизнес-процестерді жүйелеуге көмектесу. Негізгі талаптар: •Өзіне сенімді •Адал, жауапты •Жұмысына мұқият •Клиенттермен дұрыс әрі сауатты сөйлесе алатын •Сенімді, жүйелі, қамқор адам Міндеттері: •Офиске келген клиенттермен сөйлесу •Тапсырыстарды қабылдау •Жаңа клиенттерді іздеу •Кез келген мәселені тез арада шешуге көмектесу •Қажет кезде маған жәрдемдесу •Әртүрлі іскерлік тапсырмаларды орындау Бұл жұмыстан не үйренесіз: •Сату саласында нақты тәжірибе жинайсыз •Қаладағы құрылыс компанияларымен танысасыз •Сатуда өзіңізге деген сенім қалыптастырасыз •Бизнестегі барлық негізгі процестерді түсінесіз •Кәсіпкерлермен, іскер адамдармен байланыс орнатасыз Басты құндылық: Болашақта сізге үлкен пайда әкелетін менің білімім, тәжірибем және байланыстарым. Біз ұсынамыз: •Мансаптық өсу перспективасы •Көп білім мен тәжірибе •Әртүрлі, қызықты тапсырмалар •Жұмыс жүктемесі — бастапқыда минималды–орташа •Жұмыс форматы — онлайн / оффлайн / дистанциялық •График — еркін немесе гибридті •Жалақы — минималды ⚠️ Маңызды: Бұл бос орынды негізгі табыс көзі деп қарастырмаңыз. Бұл — сізді жаңа деңгейге шығаратын, бұрын араласпаған ортаға жол ашатын стратегиялық мүмкіндік. Әрекет ет! Жеке хабарламаға жазыңыз. Өз командамда сізді күтемін! Мүмкіндігіңді жіберіп алма! 🚀

Кайрат К.
Работодатель
Все объявления-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-