Персональный ассистент
Договорная
Информация о вакансии
Описание
Жеке ассистент іздеймін! Мен Турушева Марал Шағырқызы, Жаңаөзен қаласының тумасымын. Жасым 37-де. Тігін саласында 19 жылдық тәжірибем бар. Дизайнер, стилист, меценат кәсіпкермін. Сонымен қатар Maral Shagyr сән үйінің негізін қалаушысымын. Менің өмірлік ұстанымым – «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім алу». Қазір мен өз ісімді әрі қарай жүйелеп, жаңа деңгейге көтеру үшін жеке ассистент іздеймін. Бұл жай ғана көмекші емес – менің оң қолым, менің серігім. 💼 Мен іздейтін адам:⬇️ Адал, жауапты, ұқыпты, сенімді және бастамашыл. Жүйелі ойлайтын, тез шешім қабылдай алатын, өз ісіне мұқият адам. (Тұрмыс құрмаған болу — артықшылық) ✅ Міндеттер: •Өмірлік және іскерлік тапсырмаларды орындау (тауарларды сатып алу, жеткізу және т.б.) •Менің жұмыс және жеке графигімді жоспарлау, үйлестіру •Кез келген мәселені тез әрі тиімді шешу •Қажет сәтте көмек пен қолдау көрсету 🌸 Сен не аласың: •Менің білімім, тәжірибем және кәсіби байланыстарымнан үйрену мүмкіндігі •Мансаптық өсу және өзін-өзі дамыту •Бизнес-процестерді түсіну, сән индустриясының ішкі жүйесін көру •Көпжақты тапсырмаларды орындау арқылы жаңа қабілеттер қалыптастыру •Беделді кәсіпкерлермен танысу және орта қалыптастыру 🔻 Шарттар: •Жұмыс жүктемесі – бастапқыда минималды немесе орташа •Тапсырмалар – онлайн және оффлайн форматта •График – еркін немесе гибридті •Жалақы – бастапқыда минималды 🌟 Бұл тек жұмыс емес, бұл – стратегиялық мүмкіндік. Өз әлеуетіңді ашып, дамуға, жаңа орта мен тәжірибеге енуге арналған жол. Егер осы сипаттамадан өзіңді тапсаң — жекеме жаз. Мен сені өз командамда күтем ❤️
Марал Т.
Работодатель
- Все объявления
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-