Менеджер по продажам
от 300 000 ₸
Информация о вакансии
Описание
Сәлем, есімім Бақдаулет — Qazaq Shapany брендінің негізін қалаушысымын. 3 жыл бұрын маған бір ой келді: неге біз ұлттық киімді тек Наурыз мерекесінде ғана киеміз? Неге оны күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналдырмасқа? Қазақы стильді заманауи форматта, ыңғайлы әрі сәнді етіп ұсынуға болады ғой. Осы идеядан Qazaq Shapany бренді дүниеге келді. Қазіргі уақытта біз үшін ең маңыздысы - біздің командамыз және түтынушыларымыз. Біз өсіп келеміз, және осы қызмет көрсету мен сапаны сақтау үшін командамызға клиентпен байланыс орната алатын, оның қажеттілігін түсінетін сату маманы керек. Міндеттер: - Келіп түскен жылы өтінімдерді өңдеу және тапсырыстарды рәсімдеу - Клиенттің қажеттілігін түсініп, шешім ұсыну - Ай сайын сату жоспарын орындау - CRM жүйесімен жұмыс (үйретеміз) Талаптарымыз: - 18-25 жас аралығы - қазақ тілінде еркін сөйлей алу - Белсенділік, энергия және оқуға дайындық - Телефон арқылы сөйлесуден қорықпау, клиентпен сенімді сөйлесе білу - Сату саласында тәжірибесі болу маңызды Біз не ұсынамыз? - Сатуға ұялмайтын өнім - Тұрақты, кешіктірілмейтін 300.000 ₸ басталатын айлық табыс - Карьерлік өсу: менеджерден топ жетекшісіне, одан әрі бөлім басшысына дейін - Күндік, апталық бонустар - Тимбилдингтер, марапаттаулар Жұмыс кестесі: 5/2 10:00-20:00 Мекен-жайымыз: Райымбека 127/147 (метроның дәл жанында) P.S. Бізге мінсіз адам емес, “жасаймын” дейтін адам керек. Егер ішіңізде драйв болса — біз оны ақшаға айналдыруды үйретеміз💸

Гүлім Қ.
Работодатель
Все объявления-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-