Руководитель отдела продаж
от 500 000 ₸
Информация о вакансии
Описание
Damu Qoldau компаниясындағы Сату бөлімінің жетекшісі Damu Qoldau — 2 жылдан астам уақыт бойы кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар, субсидиялар және жеңілдетілген несиелер алуға көмектесіп келе жатқан компания. Біз 200-ден астам компанияға қолдау көрсетіп, 500 млн теңгеден астам қаржы тарттық. Қазіргі таңда компания ауқымын кеңейту мақсатында мықты Сату бөлімінің жетекшісін іздейміз. ⸻ Негізгі міндеттері: •Сату бөлімін құру және басқару (қызметкерлерді іріктеу, бейімдеу, оқыту, мотивациялау); •Сату жоспарын орындау және асыра орындау; •Кіріс өтінімдермен жұмыс істеу (суық қоңырауларсыз); •amoCRM жүйесінде мәмілелердің дұрыс жүргізілуін бақылау; •Сату воронкасын, конверсия көрсеткіштерін талдау және тиімділікті арттыру құралдарын енгізу; •Ірі мәмілелерді жабуға жеке қатысу; •Баға арқылы емес, құндылық пен нәтиже арқылы сатуды дамыту. ⸻ Біз іздейтін кандидат: •Сату бөлімін басқару тәжірибесі міндетті; •Келіссөз жүргізу және жоғары чекпен сату дағдылары; •CRM жүйелерімен жұмыс тәжірибесі (amoCRM — артықшылық); •Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру; •Көшбасшылық қасиет, жүйелілік және нәтижеге бағытталу; •Аналитикалық ойлау және көрсеткіштермен жұмыс істей білу; •Компаниямен бірге өсіп, нәтижені арттыруға деген ұмтылыс. ⸻ Ұсынамыз: •Жұмыс кестесі: 5/2, 10:00–18:30; •Астананың орталығындағы кеңседе жұмыс; •Тұрақты жалақы + KPI + бөлім нәтижесінен пайыз; •Дайын кіріс өтінімдер; •Өнім бойынша оқыту және басшылық тарапынан қолдау; •Мансаптық және қаржылық өсу мүмкіндігі. ⸻ Неліктен бізбен жұмыс істеу тиімді: •Шағын және орта бизнеске арналған сұранысқа ие өнім; •Суық сатулар жоқ; •Жоғары орташа чек және лайықты табыс; •Даму мен нәтижеге бағытталған команда; •Күшті сату бөлімін құрып, компания стратегиясына ықпал ету мүмкіндігі. Егер сіз жүйелі сатуды құрып, команданы жігерлендіріп, амбициялы мақсаттарға жете алатын болсаңыз — Damu Qoldau командасына қош келдіңіз!

Хангелді Н.
Работодатель
Все объявления-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-