Мектеп оқушылары мен ересек адамдарға ағылшын тілінен репетитор
2 500 - 5 000 ₸
0 / 6
Описание
Сізге ағылшын тілінде сөйлеуге және ағылшын тіліндегі деңгейіңізді көтеруге көмектесемін (сөйлеу; жазу; тыңдап, түсіну; оқу). Есімім – Данияр. • Жыл сайын Ұлыбританияның үздік 10 университетінің қатарына кіретін Англиядағы Уорик университетінің (the University of Warwick) магистратурасын аяқтадым; • КИМЭП университетінде студенттерге ағылшын тілінде дәрістер өткіздім; • Жасөспірімдер мен ересек адамдарға ағылшын тілінен сабақ бердім; • Авторлардың тапсырысы бойынша орыс тілінен ағылшын тіліне бірнеше кітап аудардым; • Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінде 10 жыл жұмыс істедім; • Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын үздік дипломмен тәмәмдадым. Қазір «Apple Seeds» ағылшын тілі клубында сабақ беріп жүрмін. ✅ Егер Сіз (13 жастан асқан) мектеп оқушысы болсаңыз немесе ересек адам болсаңыз; ✅ Егер Сіздің ағылшын тілі деңгейіңіз: 🔸 бастапқы (beginner, A1); 🔸ортадан төмен (Pre-Intermediate, A2); 🔸орта деңгей (Intermediate, B1) болса, Сізге ағылшын тіліңізді жақсартуға көмектесемін. Сабақтарды онлайн форматта жеке 1 адамның және 2 адамның қатысуымен өткіземін. Сабақтар тек қана ұлдарға және ер адамдарға арналған. Мектеп бағдарламасы бойынша оқуға көмектесемін. Сабақты ағылшын тілінде жүргіземін, қажет болса, қазақша түсіндіремін. Сіздің қажеттіліктеріңіз бен өтініш-тілектеріңізді басты назарға ала отырып, жұмыс жасаймын. Сабақтың құны: Бірінші сабақ – 1 000 теңге; Жеке сабақ (60 минут) – 5 000 теңге; 2 адамдық шағын топ (60 минут) – 2500 теңге.
Самал Ш.
Исполнитель
- Все объявления
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-