Күнделік -ежедневник на казахском языке
8 000 ₸
0 / 4
Описание
Бұл Күнделік Сізбен 365 күн сырласады. “Қастерлі Алашымның қорғаймын бар асылын” атты Күнделігімнің мақсаты - Сізді “қазақ” деген ұлттың барлық құндылықтарымен таныстыру. Күнделік дүниедегі ең қымбат “Адам” деп басталса, сол адамның ғасырлар бойы қолымен, ақылымен жасаған заттарынан бастап, сол жолда көрген азаптары мен қуаныштары, сүрлеу жолдары мен бұралаң бұлтарыстары көп тағдырын баяндайды. Табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұрып, сол табиғаттан керегін алған ғажап өнерлі халықты көресіз. Неше алуан жауһарлармен танысасыз. Көшіп-қонып жүрсе де, баласын ер етіп, қызын жаудың ат қомына өңгертпей, нәзік етіп тәрбиелеген ұлтты көресіз. Өзі ашықса да,бір тілім нанымен бөліскен қайырымды, мейірімді ұлтымыздың тамаша мінездеріне қанық боласыз. Өрге талпынған өрелі ұл-қыздары мен аты әлемге әйгілі болған ұлтымыздың керемет ғұламалары мен даналары, ұлттың “тұңғыштары мен әйгілі тұлғаларымен танысасыздар. Мен - тарихшы, этнограф, зерттеуші емеспін. Кішкене күнімнен қазақтың өмірімен, тұрмысымен біте қайнасып, атам мен әжемнен, анам мен әкемнен, ел-жұртымнан алған тәрбиеммен, көрген ғажайып дүниелеріммен бөліскен, өз халқымның қызымын. Кішкентайымнан том-томдаған эпостарды оқып, ауыз әдебиетімен таныстым, есейе келе классиктердің әдебиеттерімен, тарихпен сусындадым. Кейбір тарихи деректер бастапқы көздерден алынған. Өйткені, олар- дәлелденген фактылар, менің оны өзгертуге, басқаша беруге хақым жоқ. Күнделік ретінде берген себебім, Сіз күн сайын бір ұлттық құндылықпен танысасыз. Менің бірінші Күнделігім - “365 күн ана тілінің құшағында” деп аталады және онда мақалдар-мәтелдер, нақыл сөздер және оларға түсініктеме берген едім.
Күнделік
Продавец
- Все объявления
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-