Инженер-сметчик
159 627 - 184 155 ₸
Информация о вакансии
Описание
Жобалық-сметалық құжаттамамен жұмыс істеу, құрылыс және жөндеу жобалары бойынша сметалық есептер әзірлеу. Эскиздік, техникалық және жұмыс жобалары негізінде сметалық құнды есептеу. Жобадағы конструктивтік, инженерлік және технологиялық шешімдерді ескере отырып, ресурстық немесе базалық-индекстік әдіспен смета құрастыру. Нормативтік базалармен (ГЭСН, ТЕР, ЕНиР, ФЕР) жұмыс істеу. ҚР ҚНжЕ (СНиП), сметалық нормативтер жүйесі, құрылыс саласындағы заңнамаларды білу және қолдану. ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің сметалық-нормативтік базасымен жұмыс істеу. Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалар бойынша сметалардың толық әрі дәл жасалуын қамтамасыз ету. Құрылыс-монтаж жұмыстары, инженерлік желілер, әрлеу, абаттандыру бойынша сметалық есептер мен калькуляциялар жасау. Материалдар мен ресурстар көлемін анықтау, олардың құнын есептеу. Орындалған жұмыстарды сметамен салыстыру, актілерді рәсімдеу, өзгерістер болған жағдайда қайта есеп жүргізу. Құжат айналымын жүргізу, Word, Excel және сметалық бағдарламаларда (, АВС, GrandSmeta) құжаттарды рәсімдеу. Сметалық құжаттарды уақытылы тапсыру және түсіндіру, есеп беру үшін қажетті мәліметтер дайындау. Жобаларды сараптамаға дайындау, техникалық-экономикалық негіздеме жасау, жобаның тиімділігі мен бюджетке сәйкестігін бағалау. Қаржылық тәуекелдер мен артық шығындарды болдырмау. Техникалық және ақау актілеріндегі жұмыстарды талдау, көлемдер мен сәйкестігін тексеру. Жөндеу, қайта жаңарту және құрылыс жұмыстары бойынша қаржылық құжаттамаларды әзірлеу, сметаларды мердігерлермен келісу, олардың нормативтерді сақтауын бақылау. Бағалардың немесе жұмыс көлемінің өзгеруіне байланысты түзетулер енгізу, қосымша жұмыстардың құнын анықтау. Жобалық ұйымдардың сметаларын тексеру және қорытынды беру. Сметалық құжаттаманы жүйелеу және есеп жүргізу. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау. Құрылыс жобаларының қаржылық негізін қалыптастыру және олардың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету.

Маржан М.
Работодатель
Все объявления-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-