Главный бухгалтер
от 500 000 ₸
Информация о вакансии
Описание
Барлық сұрақтар бойынша кадрлық жұмыс бөліміне хабарласыңыз: Бизнес-центр "Ажар", 17 микр. 48 зд. 5-этаж. "Өрлеу" БАҰО КДИ. Бөлім бастығы – Оразов Абдибек Мамышевич. Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас бухгалтері бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік) Біліктілік талаптары: Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы. Жеке қасиеттері · Көпшіл · Жауаптылық · Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу Тапсырылатын құжаттар тізбесі Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің Персоналмен жұмыс жөніндегі бас маман электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады: конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш; суреті бар түйіндеме; ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады; шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі; қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері. Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Кайрат Т.
Работодатель
Все объявления-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-