Дизайнер
Договорная
Информация о вакансии
Описание
Лауазымы: интерьер және экстерьер дизайнері Негізгі міндеттері: Ресторанның сыртқы фасад дизайнын әзірлеу; Ресторанның ішкі интерьер дизайнын толық жасау; Ресторанның жалпы стилі мен концепциясын әзірлеу; Зал, VIP-зал, бар, кіреберіс, санитарлық торап және басқа да аймақтардың дизайнын жасау; 3D визуализация және фотореалистік рендер дайындау; Жиһаз, жарықтандыру, қабырға, еден, төбе және декоративтік материалдарды таңдау; Фасадқа арналған материалдар мен түстерді таңдау; Өлшемдер мен техникалық шешімдерді құрылыс және жөндеу жұмыстарына бейімдеу; Жобалық сызбалар мен жұмыс чертеждерін дайындау; Жиһаз өндірушілермен, құрылысшылармен және мердігерлермен жұмыс істеу; Авторлық қадағалау жүргізу және жобаның бастапқы концепцияға сәйкес орындалуын бақылау; Қажет болған жағдайда материалдар мен жабдықтардың құнын есептеуге қатысу. Кәсіби талаптар: Интерьер және экстерьер дизайны бойынша тәжірибесі болуы; Ресторан, кафе, қонақүй немесе коммерциялық нысандар дизайнында тәжірибесі болғаны артықшылық; 3D Max + Corona/V-Ray, SketchUp, AutoCAD, Revit, Photoshop бағдарламаларының бірқатарын жақсы меңгеру; 3D визуализация жасай білу; Жұмыс сызбаларын оқып және жасай білу; Құрылыс және әрлеу материалдарын жақсы білу; Жарықтандыру, эргономика және кеңістікті дұрыс ұйымдастыру принциптерін білу; Заманауи интерьер және архитектуралық дизайн тенденцияларын білу; Материалдардың техникалық және эксплуатациялық ерекшеліктерін түсіну; Бірнеше дизайн концепциясын ұсынып, ең тиімді нұсқаны жасай білу. Жеке қасиеттері: Креативтілік және эстетикалық талғам; Жауапкершілік; Тиянақтылық; Уақытты сақтай білу; Командамен жұмыс істей білу; Клиенттің талабын түсініп, оны дизайнға айналдыра білу; Жаңа идеялар ұсына білу. Міндетті талап: Үміткер жұмысқа қабылдану кезінде өзінің портфолиосын көрсетуі қажет. Портфолиода кемінде 3–5 интерьер немесе экстерьер жобасы болғаны жөн. Ресторан, кафе немесе басқа коммерциялық нысандар бойынша орындалған жобаларға басымдық беріледі. Біз күтеміз: Дизайнер ресторанның идеясынан бастап, концепция → эскиз → 3D визуализация → жұмыс сызбалары → материал таңдау → дайын нысанға дейін жобаны толық жүргізе алуы керек.

Ержан А.
Работодатель
Все объявления-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-