Биогумус
60 ₸
0 / 3
Параметры
Описание
БИОГУМУС (вермикомпост) қасиеттері. Биогумыстың өсімдік әлеміне қатысты қасиеттері мен қызметі орасан. Сонымен, оның 5 түрлі қасиеті: 1. Биогумустың құрамында 50%-60% ға жуық көміртек (углерод, карбон), көміртекпен биохимиялық байланысқан макроэлементтер азот, фосфор, калий және де басқа да мезо-микроэлементтер, гумин, фульво қышқылдары, ферменттер, аминқышқылдары, пептидтер, ауксиндер, фитогормондар мен өсімдік әлеміне қажетті басқа да қоректік заттар болғаны үшін органикалық тыңайтқыш болып табылады. 2. Биогумустың құрамында микроағзалар көп болғандықтан, биогумус топырақтың микробиотасын күшейтеді, ал микроағзалар өсімдіктермен үйлесімді өмір сүру(симбиоз) арқылы өсімдіктерге қолжетімді қоректік заттарды топырақтан алып береді. Топырақта қолжетімді және қолжетімсіз макро-мезо-микроэлементтер қоры бар. Қолжетімсіз қоректі заттарды ыдыратып, қолжетімді дәрежеге келтіруі арқылы, су құрамына қосып тамырларына сіңдіруі арқылы, өсімдік әлемінің тоқ болып өсуіне себепші болады. Өсімдіктен өздеріне керектісін алады. Микроағзалар, саңырауқұлақтар өсімдік әлемімен осылайша тығыз байланыста өмір сүреді. Бір-бірінің жағдайларының өте жақсы болуына барынша күреседі. 3. Биогумус өсімдіктердің иммунитетін өте қатты көтереді. Иммунитеті мықты болған өсімдік-вирустарды жұқтырмайды. 4. Өсімдіктің тамыры топырақтағы биогумусқа қарай өскендіктен, өсімдіктің тамырының РИЗОСФЕРАСЫНДАҒЫ микроағзалардың биоантибиотик, биофунгицид бөлуі мен макрофагиясының арқасында өсімдіктердің тамыры арқылы ксилема мен флоэмаға ендеп кіріп, өсімдіктерді зақымдайтын ауру тудырушы патоген микроағзаларын ТАМЫРДЫҢ РИЗОСФЕРАСЫНА жолатпай, өсімдікті аурудан қорғайды. 5. Топырақтың құрылымы (структурасы) жақсы болса, топырақ борпылдақ болып, топыраққа ауа кіріп, су жақсы сіңеді. Осы құрылымның (структураның) түзілуіне: а) өсімдіктің тамырынан бөлінген заттар, ә) арбускуляри микориза жасаушы саңырауқұлақтары жасап шығаратын гломалин, б) биогумустың құрамындағы шұбалшынның капролитіндегі заттар тікелей әсер етеді. •Сонымен қатар, 1960-шы жылдарда топырақтың құрылымын жақсарту мақсатында химиялық жолмен құрылым жасаушы (структурообразователь) жасап, топыраққа қосып сынап көрген. Сынақ барысында жасанды құрылымдаушы (структурообразователь) топырақтың ұнтақталған бөлігін құрылымдап қоймай, топырақтың құрамындағы өсімдікке қажетті қоректік заттарды қолжетімсіз күйге түсіріп, кері нәтиже бергені үшін сынақтан өтпеген. Сондықтан, топырақтың құрылымын жақсартуда, оны құнарлы дәрежеге келтіруде, биогумус өте маңызды дүние болып табылады.
Бакытжан А.
Продавец
- Все объявления
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-