Астана жаяу қала туры
2 500 ₸
0 / 1
Параметры
Описание
«Қасиетті Қараөткел, асқақтаған Ақмола» атты Астананың тарихи һәм ескі бөлігіне жаяу экскурсия Қараөткел, Ақмола тарихын білгіңіз келсе, бірге саяхат жасайық. Қалының ескі бөлігі, бұрынғы ғимараттары, Қосшығұловтар сияқты ақмолалық қазақ көпестері, саудагерлер үйлері, Ақмола іргесі тумасы Қажымұқан туралы, муралдар мен заманауи өнер нысандары, Кенесары шабуыл жасаған бекініс орны, Есіл жағалауы жөнінде мағұлмат алғыңыз келсе, менің жаяу қала экскурсияма қосылыңыз. Экскурсия құнына мыналар кіреді: -экскурсия бағдарламасы; -қазақ тіліндегі кәсіби гид қызметі; Ескерту: Басталу орны: Абай ескерткіші жаны, Абай және Бейбітшілік көшелерінің қиылысы. Қаланың ескі бөлігі бойынша жаяу турға шығатын туристерге арналған ұсынымдар: ✓ Ыңғайлы аяқ-киім: Ұзақ жүру үшін ыңғайлы аяқ-киім таңдаңыз. Жылы болуы да шарт. ✓ Ыңғайлы киім: Ауа-райына байланысты ыңғайлы сыртқы киім киіңіз. Егер, ыстықтап жатсаңыз, бір қабат киімді шешетіндей киініңіз. ✓ Су: Шөлдесеңіз ішетіндей 0,5 л бөтелке су ала салыңыз. ✓ Фотоаппарат немесе смартфон: Жаяу саяхат кезінде көптеген әсем және әдемі орындарды көреміз, сондықтан, суретке түсіріп алу үшін фотоаппарат не камерасы жақсы смартфон алып алыңыз. Сонымен бірге, телефоныңызды қуаттап алыңыз немесе портативті қуаттау құрылғысын ала салыңыз. ✓ Жеңіл рюкзак: Кішкентай рюкзак барлық қажетті заттарыңызды салып алуға өте ыңғайлы. Сонымен бірге, қолыңызды босатады және қозғалысқа ыңғайлы. ✓ Топтан қалмаңыз: Ұйымдасқан топ болғандықтан, гид пен топтан қалмаңыз. Бұл Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін және қажетті ақпаратты естуіңіз үшін маңызды. Жаяу экскурсияның өтетін күні және уақыты: Астана, 2025 ж. 15 қараша. Басталатын уақыты: 11.00 сағат. Ұзақтығы – 2 сағат. Сұрақтар бойынша: Амандық
Амандык А.
Продавец
Все объявления-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
