Ағылшын тілі мұғалімі
500 ₸
0 / 1
Описание
Көбіміз қазір ағылшын тілі керек, қосымша тағы бір тілді білу мына дамып келе жатқан әлемде маңызды екенін келе-келе түсініп жатырмыз. Бірақ оны үйренуге келгенде көбімізде көптеген қорқыныш тудырады: 1) Бастап тұрып қайта тастап кетемін бе деп қорқамын жаңа затты үйренуді; 2) Мектепте үйренбеген едім икемім жоқ деп, содан бәрібір менен ештеңе шықпас мүмкін деп; 3) Мүмкін үйреніп бір затты оқу маған өте қиын негізі немесе есте сақтау қабілетім нашар шығар, содан тілдерді немесе бір гуманитарлық саладағы ілімдерді ұғынып-үйрену қиын деп түсінемін; - деп ойлап келе жатқандарымыз қаншама. Бірақ өзіңе тағы бір мүмкіншілік беріп көр, күнделікті 30 ғана минут айналысуға, жай ғана уақыт өлуге. Қорқуың, әлде сенімсіз сезінуің мүмкінсің түсінемін. Бірақ бұл қалыпты дүние, жәй өзіңе бір мүмкіндік беріп көр. Өзімнің жағымнан, мен тым керемет мұғаліммін, әлде әр сабағымды "тым қызық" қылып өткіземін деп айта алмаймын. Бірақ білгенімді үйретуге және ағылшын тіліне күніне жоқ дегенде 30 минут бөліп айналысуда көмекші адам болуға тырысамын. 30 минутқа 500 теңге және форматы онлайн. Уақыты сіздің және менің ыңғайыма қарай келісуімізге байланысты.
Аяжан Б.
Исполнитель
- Все объявления
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-