Ағылшын тілі балаларға
4 000 - 7 000 ₸
0 / 5
Описание
Ағылшын тілінен 7–12 жас аралығындағы балаларға арналған топтық онлайн-сабақтар Балаңыз: • мектеп бағдарламасын оңай меңгерсін, • үй тапсырмаларын өзі орындай алсын, • ағылшынша еркін және сенімді сөйлесін десеңіз — мен көмектесе аламын! Менің атым — Асель. Мен 7–12 жас аралығындағы балаларға ағылшын тілінен онлайн сабақ беремін. Сабақтар шағын топтарда (4–6 бала) өтеді. Мұнда әр бала: • ойын, диалог және сапалы тапсырмалар арқылы қызығып оқиды, • үнемі қолдау мен кері байланыс алады, • жаңа достар табады — бір-бірімен сөйлесіп, тілдік кедергіден арылуға үйренеді, • қате жіберуден қорықпай еркін сөйлеуге үйренеді, • сабаққа қызығушылығы артып, келесі сабақты асыға күтетін болады! 🎯 Осы бойы ТЕГІН КВЕСТ-КЕЗДЕСУГЕ жазылыңыз! Бұл — алғашқы танысу сабағы, онда сізбен және балаңызбен танысамыз. Балаңыздың білім деңгейін анықтап, оған лайықты бағдарлама ұсынатын боламын. 📈Менің 100% оқушыларымның үлгерімі мен сенімділігі артады, себебі сабақтарым Кембридж бағдарламасына негізделген, бірақ әр баланың деңгейі мен қызығушылығына сай бейімделеді. Мен үшін ең бастысы — тек жаттығу орындау емес, алған білімді нақты өмірде қолдана білу. Сабақтар онлайн, Миро интерактивті тақтасында, Зум видеобайланысы арқылы өтеді. Сізден қажеті тек компьютер/ноутбук және интернет. Өзім жайлы: 📎 Жоғары білімім және магистр дәрежем бар 📎 Заманауи әдістемелер мен онлайн-құралдар бойынша тұрақты түрде біліктілігімді арттырып отырамын 📎 Өзім де жоғары деңгейде ағылшын тілін дамытып жүрмін, сондықтан оқушылардың қандай қиындықтан өтетінін жақсы түсінемін. 📌 Орын саны шектеулі, осы бойы хабарласып ТЕГІН кеңес алыңыз!

Асель С.
Исполнитель
- Все объявления
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-