Әдеби кітаптар
5 000 ₸
0 / 5
Параметры
Описание
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағына әр жылдарда жазған төл туындылары мен көркем аудармалары енген. Бірінші бөліміне ақынның алғашқы «Тұмар» жыр жинағынан таңдалған өлеңдер; екінші бөліміне бұрын жарық көрмеген Сыр сүлейлерінің мақамындағы нақыл сөздер, терме-толғаулар, көңілқостар мен көлемді қисса-дастандары; үшінші бөліміне орыс және шығыс классиктерінен жасаған аудармалары жинақталған. Аудармаларының дені орыс ақыны Анна Ахматова мен шығыстың жарық жұлдыздары Шәмси Тебризи мен Жәлаладдин Румиден аударылған көркем дүниелер. Ақын өз шығармаларында бүгінгі қоғам мен әлеумет өмірінің ғана емес, адам жан-дүниесінің құпия сырларына үңілген, ізгілікке, жақсылыққа үндейтін, жас ұрпаққа бағыт-бағдар көрсете алатын тақырыптарды қамтыған. Сыр сүлейлерінің үлгісімен жазылған қисса-дастандары Пайғамбарлар мен әулиелердің ғибратты ғұмырларынан алынған тәрбиелік мәні зор көркем туындылар. Ақынның сұлулыққа, іңкәрлікке, ізгілікке толы жыр жолдары көзіқарақты оқырманның лайықты бағасын алады деген сенімдеміз.

Жансая А.
Продавец
Все объявления-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-




